1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Мусин Роллан Мұсаұлының туғанына 95 жыл!

Ұлы Отан соғысының ардагері, әскери қолбасшы,  Қазақ ССР-інің Еңбегі сіңген мұғалімі, Қазақстан Республикасының үздік қаржыгері, «Құрмет» орденінің иегері, Құрметті директор, Қазақстанда Мүгедектер қоғамын құрушылардың бірі, Шығыс Қазақстан облысының  Халықтар достығы Ассамблеясының мүшесі, Шығыс Қазақстан соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесінің Президиумының мүшесі, Семей қаласының Құрметті Азаматы, есімі Қазақстанның Алтын кітабына  жазылған қоғам қайраткері Мусин Роллан Мұсаұлының туғанына 95 жыл!

Роллан  Мұсаұлының  өміріндегі  ерекше  оқиғалар

        Роллан  Мусин  1922  жылы, 10 ақпанда  бұрынғы  Семей  облысы, Абыралы  ауданы, Қайнар  селосында  дүниеге  келді.                                                  

1930-1937  жылдары - Семейде,  1939-1941  жылдары  Киевте  Кен-барлау  техникумында  оқыды

1941 - жылдың  маусым  айынан  бастап  Батыс  Сібірде  Кен-барлау  басқармасында  геолог-партия, технолог  қызметін  атқар ады

1942  жылдың  шілде  айынан  қараша  айына  дейін  Сталинград  түбінде  24  армияда,  233  СД, 572 сп  рота  командирі  болады.

1944-1949  жылдары - Қайнар  Аудандық  кәсіподақ  комитетінде  экономист-бухгалтер  қызметін  атқарады.

1949-1954  жылдары - Аудандық  білім  басқармасында  инспектор  қызметін  атқарады

1951-1955  жылдары - Қайнар  орта  мектебінде  оқу-ісі  жөніндегі  директордың  орынбасары  қызметін  атқарады.

1955-1961  жылдары – Абай  атындағы  орта  мектептің директоры, кейіннен  Шар  ауданында  Октябрь  мектебінде  директорлық  қызмет атқарады.

1961-1966  жылдары  - Шар  аудандық, Жарма  аудандық  партия  комитетінің  хатшысы  қызметін  атқарды.

1961-1969 жылдары – Семей  облыстық  партия  комитетінің  инструкторы  болды.

 1969-1985жылдары- Семейдің қаржы-экономикалық  техникумының  директоры  қызметін  атқарды.

1985-1989  жылдары – Семей  қаласының  қалалық,  аудандық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  болды.