1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Музей

Р.Байсетов атындағы 
Семей қаржы – экономикалық колледж мұражайы

Колледж мұражайы 1981 жылы құрылды.

Описание: Изображение 010

1931  жылдың 31 тамызынан бастап Қызыл – Орда экономикалық комбинатын мен Семей өлкелік қаржы курсын біріктірумен жасақталған қаржы – экономикалық комбинаты құрылды.  1960 жылы ол Семей қаржы – экономикалық техникумы болып ауыстырылса, 1996 жылдың 15 ақпанына бастап техникум колледж болып аталды. Ал 1994 жылдың 31 қаңтарында колледж түлегі (1949), 1974 – 1985 жылдары Қазақстанның Қаржы Министрі қызметін атқарған Рымбек Смақұлы Байсеитов есімі берілді.

Описание: DSC_2594

Мұражай жәдігерлері комбинат – техникум – колледж тарихынан сыр шертеді. Тарихи мәліметтерге сүйенсек бұл  ғимарат 1904 жылы салынып, онда 1931 жылға дейін қазынашылық – банк орналасқан, ал 1931 жылдан бастап 1984 жылға дейін Семей қаржы – экономикалық техникумы  орналасты.

1984 Семей қаржы – экономикалық техникумы жаңа 8 қабатты ғимаратқа көшірілді

Описание: сфэк1

Описание: Изображение 005

Тарихи құжаттардың жиынтығы: ғимараттың техникалық паспорты, тарихи анықтамалар, 1932, 1935, 1938 жылдардағы куәліктер, Семей облысы бойынша бірінші болып «Еңбек Қызыл Ту Орденімен» марапатталған қаржыгер, техникумның 1938 жылғы түлегі Г.А.Пашкевичті құттықтаған үкімет жеделхаты. Сонымен қатар онда Г.А.Пшкевичтің үлгерімі «4», қатысуы 100% деген куәлігі бар. Бұндай куәлік жақсы үлгерімді оқушыларға техникум асханасынан тегін тамақтану үшін беріліп отырған.

Описание: Изображение 012

Техникум жатақханалары.  Сол кезде 1 -2 бөлмеден тұратын, бір немесе екі қабатты үйлер.  Ондай жатақханалар саны 16. Соғыс жылдарында жатақхана   тұрғындарына бір құшақ отын мен бір шелек көмір беріліп отырған. 1963 жылы бұрыңғы Куйбышев, қазіргі Қабанбай батыр көшесіндегі жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін, бұл үйлер қалалық коммуналды шаруашылыққа өткізілді.

Техникум Ұлы Отан соғысы жылдарында

Описание: Изображение 013

Описание: Изображение 014

Соғыс басталғанда 1941 жылдың қарашасында №3592 жарлық бойынша ғимарат госпитальға берілді, ал желтоқсаннан бастап бірінші жаралылар келіп түсті. Залда екі ярусты төсектер қойылды, оқушылар жаралыларға көмектесті. Техникумды басқа ғимаратқа ауыстыру мәселесі тұрды. Көп ұзамай сабақ басталды. Сабақтар №16 қазақ мектебінде, ФЗО№7 және «Оқытушылардың білімін жетілдіру» ғимараттарында өткізілді. Бір жерден екінші жерге ауысу, кейбір топтар сағат 14 оқыса, кейбіреулері сағат 20 оқыды.

Олар бірінші болып аттанды

Описание: Изображение 016

Бірінші 1941 жылдың 7 тамызында бұйрық бойыншы «Байланысшы қысқартылған курсты аяқтаған 3 курс  техникумның 99 оқытушылармен оқушыларын Кеңес Армия қатарына шақырылды. Ортасында жауынгер эталонының басшысы болып тағайындалған техникум завучі А.Ф.Санников фотосуреті. А.Ф.Санников соғыстың бірінші күндері қаза тапты.

Описание: Изображение 017

«Прииртышская Правда» газетінің жылдамдатылған баспасы, онда соғыстың аяқталуы туралы және Германия мен Кеңес Одағының қолы қойылған капитуляция туралы актісі, марапаттаулар туралы мәлімет, соның ішінде техникум түлектері.

Техникум түлектері  - Кеңес Одағының Батырларына арналған бұрыштама

Описание: DSC_2615

Описание: Изображение 049

Ибраев Әйткеш Абайұлы - 1924 жылы 12 қыркүйекте Семей облысы Жаңа  - Семей ауданы Қызыл – Құйған ауылында дүниеге келген .

1941 жылы Семей қаржы техникумына түсіп, қыркүйек айында семья жағдайына байланысты оқуын үзіп, колхозда есепші болып жұмыс істейді.

1942 жылы 22 қыркүйекте 18 жасар Айткешті әскер қатарына шақырады. Ол Калинин, Брянск, Белорус майданындағы шайқастарға қатысты.Ұлы Отан соғысының әскери қимылдарына қатысқаны үшін екі Қызыл Жұлдыз, Отан соғысының

 

I – II дәрежелі ордендерімен марапатталды.

1944 жылы 6 шілдеде Могилевск облысы, Червинск ауданындағы шайқаста оның  взводы 192 немісті өлтіріп, 19 автомашинасын өртеді, 6 танкке қарсы пушкаларын, 12 пулемет нүктесін жойды, жеке өзі 8 неміс солдатын құрбан етті.

Осы ерлігі үшін Әйткеш Абайұлы Ибраевқа 1945 жылы 24 нарызда Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин, Алтын Жұлдыз медалі берілді.

1944 жылы 20 шілдеде Белосток облысы Грододенск ауданындағы Нижние Погораны аймағында өткен шайқаста ерлікпен қаза болды.

Описание: DSC_2618

Железняков Петр Филиппович –

1918 жылы Семей қаласында кедей - шаруа семьясында дүниеге келді. 16 жасынан баспаханада жұмыс істейді. 1936 жылы Семей техникумына түсіп, 1939 жылы аяқтайды.Көп ұзамай әскер қатарына шақырылады. Әуе училищесінде оқиды. Ұшқыш болып соғысты, звено және әуе эскадрилиясының командирі болды. 128 рет ұшып шығып, жаудың 16 танкісін, 87 автомашинасын, 47 теміржол вагондарын, 16 самолетін жойды.осындай ерліктері үшін Үш Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский ордендерімен марапатталды.

         Отан үшін соғыста көрсеткен ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен гвардия капитаны П.Ф.Железняковқа 1945 жылдың шілде айының 27 күні Кеңес Одағының Батыры деген атағы берілді.

         Соғыстан кейінгі жылдарда ол сынақшы – ұшқыш болып жүріп, 1951 жылы қайғылы қазаға ұшырады.

Описание: DSC_2611

Описание: DSC_2612

Описание: DSC_2617

Сергей Ильич Морозов -  1919 жылы Орынбор облысының Бузлук қаласында туған. 1930 жылы ата – анасымен Алматыға көшіп келді.

1939 жылы облыстық қаржы бөлімінің инспекторы болып қызмет істеп жүрген кезде әскер қатарына шақырылды.

1942 жылы Томбов әскери ұшқыштар мектебін бітірген соң, майданға аттанады. 807 – ші Мелитополь шабылдаушы ұшқыштар құрамында соғысады. Шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталады.

Мелитополь маңайындағы әуе шайқасында капитан Гастеллоның ерлігін қайталап, мерт болады. 1943 жылы кіші летинант Сергей Ильич Морозовқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Описание: DSC_2620

Описание: DSC_2621

Описание: DSC_2622

Описание: DSC_2640

Описание: DSC_2614

            Шакенов Кенжебек Шакенұлы - 1924 жылы ақапан айында  Жарма ауданында, жұмысшы жанұясында дүниеге келеді. Жеті класс бітіргеннен кейін «Боко» руднигінде жұмыс істейді.

1942 жылы тамыз айында Қызыл әскер қатарына шақырылады.

1943 жылы Ташкент қаласындағы пулемет училищесін бітіргенен кейін майданға аттанады.

1944 жылы  Днепр өткелінде танытқан ерлігі мен қайсарлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі

Описание: Изображение 037

Описание: Изображение 038

Бұл жерде соғысқа дейін Кенжебек Шакенұлының Боко руднигінде мастер болып жұмыс жасаған кезде қолданған заттары: каска, фонарь және т.б. заттары көрсетілген.