1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Музей

 

Техникум оқушылары  -  Лениндік степендиаттар

Описание: Изображение 052

Кеңес Одағы бойынша 36 қаржы техникумы болды, соның ішінде біздің техникум алғашқы бестіктің ішінде болды.

Бірінші Лениндік степендияның иегері Шевкун Людмила. Ол ерекше жан болатын, топ старостасы және бұл топ топ жетекшісіз болды. Техникум бітіргеннен кейін салық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Лениндік степендиаттар тек жақсы үлгерімді ғана емес, сонымен қатар қалалық, облыстық, республикалық және Кеңес Одағы бойынша жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды алып, техникум мәртебесін өсіріп отырды.

Комбинат – техникум – колледж директорлары

Описание: Изображение 019

Назаров  - техникумның алғашқы директоры. Ол техникумды  1931 жылдың 14 қазанынан 1932 жылдың 25 маусымына дейін басқарған.

Мансуров 1932 жылдың 26 қазанынан 1933 жылдың 23 тамызына дейін техникумға басшылық етті.

Климов Иван Михайлович 1934 жылдың 26 қаңтарынан бастап 1935 жылдың 17 тамызына дейін техникумды басқарды. 

Санников Андрей Михайлович 1935 жылдың 18 тамызынан 1938 жылдың 4 тамызына дейін техникумға басшылық етті. Ол 1935 жылы Ленинград қаласындағы жоғарғы педагогикалық қаржы – экономикалық институтын бітірген, арнайы пәндерден сабақ берді.

Ковалев Филипп Матвеевич 1938 жылдың 4 тамызынан 1941 жылдың 19 наурызына дейін техникумды басқарды.  Филипп Матвеевич 1895 жылы дүниеге келген.  1933 жылы Мәскеу қаласындағы қаржы – экономикалық институтын бітіргенен кейін, қаржы саласында қызмет істеді. 1933 – 1935 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының  облыстық қаржы бөлімінде бюджет  секторының бастығы болды, 1935 – 1941 жылдары Семей қаржы – экономикалық  техникумында мұғалімдік және директорлық қызмет атқарды. 1941 – 1942 жылдары Кеңес Армия қатарында болып, 1942 – 1947 жылдары партиялық қызметтерде болды.

Каденов Бейс Каденович 1941 жылдың 19 наурызынан  осы жылдың 10 желтоқсанына дейін техникумға басшылық етті.   Ол 1937 жылы Ленинград қаласының  жоғары педагогикалық қаржы – экономикалық инситутын бітірген.

Описание: Изображение 020

Иванишко Семен Васильевич  Ұлы Отан соғысы жылдары  1941 жылдың 10 желтоқсанынан 1947 жылдың 9 қазанына дейін техникумға  басшылық етті. Иванишко Семен Васильевич 1901 жылдың 15 ақпанында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келеді.  1938 жылы  Ленинград қаласының жоғарғы педагогикалық институтын, 1949 жылы Семейдегі    қалалық партия  комитетіндегі Марксизм – Ленинизм  кешкі университетін және 1951 жылы Қаржы Академиясын бітірген. 1951 жылы Академияны аяқтағаннан кейін Кеңес Одағының  Қаржы министірінің бұйрығымен ҚазССР – нің Қаржы министрлігінің  мемлекеттік кіріс басқармасының бастығы болып тағайындалды. Елеулі еңбегі үшін 1944 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен  және «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941- 1945г.г.» атты медальмен марапатталған.

Хасанов Идрис Хасанович техникумға 1951 жылдың 18 қаңтарынан 1954 жылдың 22 желтоқсанына дейін басшылық жасады. Идрис Хасанович атқарған еңбегі үшін «Қаржы қызметінің II рангалы кеңесшісі» атты  атқа ие болды.

Измайлов Лябиб Гумарович техникумды 1954 жылдың 22 желтоқсанынан 1961 жылдың 17 шілдесіне дейін басқарды. 

Шакенов Кенжебек Шакенұлы  1961 жылдың 11 тамызынан 1964 жылдың 1 ақпанына  дейін техникумды басқарды.

Кондратьева Вера Михайловна 1964 жылдың 10 ақпанынан 1969 жылдың 21 наурызына дейін техникумға  басшылық етті.  Ол Қаржы – экономикалық техникумын (жеделдетілген курсын) және Москваның қаржы институтын (сырттай) бітірген. «Қаржы ісінің   үздігі».

Роллан Мұсаұлы Мусин 1969 жылдың 21 тамызынан 1985 жылдың

31 мамырына дейін техникумды басқарды. Роллан Мұсаұлы   Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы партия қызметкері, Қазақ ССР-іне Еңбегі Сіңген мұғалім, Қазақстан Республикасының Қаржы ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының Қаржы және Білім министрлігінің бірнеше Құрмет грамоталарының иегері, Семей қаласының Құрметті азаматы,  колледждің Құрметті директоры.

Описание: Изображение 148

Описание: Изображение 149

Түсіпбеков Тлеуғали Темірғалиұлы экономика ғылымының кандидаты, «Педагог – исследователь», «ҚР Үздік қаржыгері», «ҚР Білім ісінің Құрметті қызметкері», «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Ерен Еңбегі үшін» медалінің, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің, «Ұлттық экономика лидері», «Хрустальді рыцарь» белгілерінің иегері, «Электронды колледж» бағдарламасының, «Педагогикалық сүйемелдеу» технологиясының, 56 оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтардың авторы, Вена университетінің Құрметті профессоры, есімі «Қазақстан Республикасының Үздік адамдары» кітабына жазылған  ұлағатты ұстаз  колледжді 1985 жылдың 1 маусымынан 2012 жылдың 23 сәуіріне   дейін  басқарды.

Описание: Изображение 145

Описание: Изображение 147

Біз түлектерімізді мақтан етеміз

Описание: Изображение 150

1949 жылғы техникум түлегі –

Рымбек Смақұлы Байсеитов

Описание: Изображение 144

Р.С.Байсеитов Абралы ауданында 1922 жылы дүниеге келде. 17 жасында есепші болып совхозда еңбек жолын бастады. 1941 жылы 19 жастағы Рымбек майданға аттанды. Калинин, Балтық майданында және «Великие Луки» түбіндегі үлкен шайқаста жараланды. Оның майдандағы ерліктері туралы «Звездный час Маншука», «Ақиқат пен аңыз», «100  - я Казахстанская», «От солата до министра» атты кітаптарда жазылған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін үкімет наградалары бар.

1946 жылы майданнан оралып, Семейдің елеу комбинатына жұмысқа орналасады. Онда көп істеген жоқ, 1947 жылы оны қаржы оргадарына қызметке шақырады. Осы жылдан бастап оның қаржыгерлік еңбек жолы басталды. Бас кезінде Жана - Семей райфосы – салық, бюджет инспекторы, бухгалтер, бас бухгалтер, одан кейін оны облыстық қаржы бөліміне салық бөлімінің бастығы етіп ауыстырады. Жұмыс істей жүріп оқу да оқыды. 1949 жылы Семей қаржы – экономикалық техникумының жеделдетілген курсын бтіріп шықты. 1951 жылы Рымбек Смақұлын Қазақстан Республикасының Қаржы минитрлігінің салық бөлімінің бастығының орынбасары қызметіне ауыстырады, одан кейін бөлім бастығы, қаржы Басқармасының бастығының орынбасары, Министр көмекшісі және 12 жыл Қаржы Министрінің бірінші орынбасары. Ал 1974 жылдың қаңтарынан 1985 жылға дейін ол Қазақ ССР – нің  Қаржы Министірі. 1956 жылы сырттай Москвадағы қаржы институтын бітірді.

Еңбегі үшін екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және Знак Почета орденімен марапатталды. Сонымен қатар оған Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген экономисі, қаржы жұмысының Үздігі деген атақ берілді.Құрметті демалысқа шықса да ол еңбек етуін тоқтатпады. Ол Қаржы Минитрлігінің есептеу орталығында және 1989 жылға дейін қаржы ісі жөнінде кеңесші қызметін атқарды.

Описание: Изображение 066

Описание: Изображение 063

Описание: Изображение 033

Бацулла А.Е. – Қазақ ССР- нің Қаржы мимнстірі,

Халитов С.Р.- Қаржы Министрінің орынбасары,

Жуйриков К.Қ. – экономика ғылымының кандидаты, доктор, профессор.

Описание: DSC_2603

Описание: DSC_2606

Описание: Изображение 050

Социалистік Еңбек Ері  - 1951 жылғы техникум түлегі Ким Ен Су. Техникум аяқтаған соң, зейнеткерлікке дейін Қарағанды қаржы – банк жүйесінде қызмет атқарды,  демалысқа шыққанан  кейін Новосібір қаласына қоныс аударды.

«Сұңқар» құрылыс отряды 1971 жылы құрылды. Оның бірінші командирі комсомол комитетінің хатшысы Аманжол Ерибаев болды. Оқушылар өздері саман кірпіш құйып қоралар, электрстанциясын және тағы басқа да ғимараттар салды

Описание: Изображение 053