1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer

Олар техникум-колледжді басқарды

Назаров - техникумның алғашқы директоры. Ол техникумды  1931 жылдың 14 қазанынан 1932 жылдың 25 маусымына дейін басқарған.

Мансуров 1932 жылдың 26 қазанынан 1933 жылдың 23 тамызына дейін техникумға басшылық етті.

Климов Иван Михайлович 1934 жылдың 26 қаңтарынан бастап 1935 жылдың 17 тамызына дейін техникумды басқарды.  

Санников Андрей Михайлович 1935 жылдың 18 тамызынан 1938 жылдың 4 тамызына дейін техникумға басшылық етті. Ол 1935 жылы Ленинград қаласындағы жоғарғы педагогикалық қаржы – экономикалық институтын бітірген, арнайы пәндерден сабақ берді.

Ковалев Филипп Матвеевич 1938 жылдың 4 тамызынан 1941 жылдың 19 наурызына дейін техникумды басқарды.  Филипп Матвеевич 1895 жылы дүниеге келген.  1933 жылы Мәскеу қаласындағы қаржы – экономикалық институтын бітіргенен кейін, қаржы саласында қызмет істеді. 1933 – 1935 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының  облыстық қаржы бөлімінде бюджет  секторының бастығы болды, 1935 – 1941 жылдары Семей қаржы – экономикалық  техникумында мұғалімдік және директорлық қызмет атқарды. 1941 – 1942 жылдары Кеңес Армия қатарында болып, 1942 – 1947 жылдары партиялық қызметтерде болды.

Каденов Бейс Каденович 1941 жылдың 19 наурызынан  осы жылдың 10 желтоқсанына дейін техникумға басшылық етті.   Ол 1937 жылы Ленинград қаласының  жоғары педагогикалық қаржы – экономикалық инситутын бітірген.

Иванишко Семен Васильевич  Ұлы Отан соғысы жылдары  1941 жылдың 10 желтоқсанынан 1947 жылдың 9 қазанына дейін техникумға  басшылық етті. Иванишко Семен Васильевич 1901 жылдың 15 ақпанында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келеді.  1938 жылы  Ленинград қаласының жоғарғы педагогикалық институтын, 1949 жылы Семейдегі    қалалық партия  комитетіндегі Марксизм – Ленинизм  кешкі университетін және 1951 жылы Қаржы Академиясын бітірген. 1951 жылы Академияны аяқтағаннан кейін Кеңес Одағының  Қаржы министірінің бұйрығымен ҚазССР – нің Қаржы министрлігінің  мемлекеттік кіріс басқармасының бастығы болып тағайындалды. Елеулі еңбегі үшін 1944 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен  және «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941- 1945г.г.» атты медальмен марапатталған.

Ковалев Филипп Матвеевич 1947 жылдың 9 қазанынан 1950 жылдың 7 наурызына дейін техникумды қайтадан басқарды.

Хасанов Идрис Хасанович техникумға 1951 жылдың 18 қаңтарынан 1954 жылдың 22 желтоқсанына дейін басшылық жасады. Идрис Хасанович атқарған еңбегі үшін «Қаржы қызметінің II рангалы кеңесшісі» атты  атқа ие болды.

Измайлов Лябиб Гумарович техникумды 1954 жылдың 22 желтоқсанынан 1961 жылдың 17 шілдесіне дейін басқарды. 

Шакенов Кенжебек Шакенұлы  1961 жылдың 11 тамызынан 1964 жылдың 1 ақпанына  дейін техникумды басқарды. Кеңес Одағының Батыры Кенжебек Шакенұлы  1924 жылы Семей облысы Жарма ауданында, жұмысшы жанұясында дүниеге келеді. Жеті класс бітіргеннен кейін «Боко» руднигінде жұмыс істейді.

1942 жылы тамыз айында Қызыл әскер қатарына шақырылады.

1943 жылы Ташкент қаласындағы пулемет училищесін бітіргенен кейін майданға аттанады.

1944 жылы  Днепр өткелінде танытқан ерлігі мен қайсарлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

1954 – 1957 жылдары  жоғары партия мектебінде білім алады.

Кондратьева Вера Михайловна 1964 жылдың 10 ақпанынан 1969 жылдың 21 наурызына дейін техникумға  басшылық етті.  Ол Қаржы – экономикалық техникумын (жеделдетілген курсын) және Москваның қаржы институтын (сырттай) бітірген. «Қаржы ісінің   үздігі».

Роллан Мұсаұлы Мусин 1969 жылдың 21 тамызынан 1985 жылдың

31 мамырына дейін техникумды басқарды. Роллан Мұсаұлы   Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы партия қызметкері, Қазақ ССР-іне Еңбегі Сіңген мұғалімі, Қазақстан Республикасының Қаржы ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының Қаржы және Білім министрлігінің бірнеше Құрмет грамоталарының иегері, Семей қаласының Құрметті азаматы,  колледждің Құрметті директоры.

Түсіпбеков Тлеуғали Темірғалиұлы экономика ғылымының кандидаты, «Педагог – исследователь», «ҚР Үздік қаржыгері», «ҚР Білім ісінің Құрметті қызметкері», «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Ерен Еңбегі үшін» медалінің, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің, «Ұлттық экономика лидері», «Хрустальді рыцарь» белгілерінің иегері, «Электронды колледж» бағдарламасының, «Педагогикалық сүйемелдеу» технологиясының, 56 оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтардың авторы, Вена университетінің Құрметті профессоры, есімі «Қазақстан Республикасының Үздік адамдары» кітабына жазылған  ұлағатты ұстаз  колледжді 1985 жылдың 1 маусымынан 2012 жылдың 23 сәуіріне   дейін  басқарды.