Новости

«Кітапхана – табыс мекені» атты ашық есік күні өтті.

Ағымдағы жылдың 4-15 қыркүйек күндері аралығында «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж» кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Кітапхана – табыс мекені» атты ашық есік күні өтті.Шараның мақсаты: жастарға кітап оқуды насихаттау, жаңадан келіп түскен кітаптармен ашық түрде таныстыру,…

«Танысу кеші 2023» іс -шарасы

18-20 қыркүйек аралығында колледжде «ОВС» ,«АСК» ұйымдарының ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған «Танысу кеші 2023» іс -шарасы өтті.Оған колледждің табалдырығын аттаған 1 курс студенттері қатысып, топтарын таныстырып өнерлерін ортаға салды.Викториналық сұрақтар қойылып, ойындар көрсетілді.Студенттер бір-бірімен танысып,жақсы көңіл -күйде тарқасты.

Қыркүйектің 11-14 аралығында біздің колледжіміздің іргесінде ұжым мен ата-аналарды біріктірген стратегиялық сессия өтті.

Ата-аналар мен оқытушылар колледжіміздің миссиясы, пайымдауы мен құндылықтарын тұжырымдады. Колледжіміздің директоры Абылқасымова Лариса Оралбайқызы колледждің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру бағдарламасымен ата-аналарды таныстырды. Осы маңызды іс-шараға қатысқан ата-аналарымызға үлкен алғыс білдіреміз! Жарқын болашағымызға бірге қадам басып, жаңа жетістіктерге бірге жетейік!

Буккроссинг – бірге оқимыз

2023 жылдың 14 қыркүйегінде «Рымбек Байсейітов атындағы Семей Қаржы-экономикалық колледжі» кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты іс-шара қаламыздың орталық саябағында өткізілдіМақсаты: колледж студенттері мен оқытушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыру.«Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді сезім мен…

«Таза қала Семей 2023»

«Таза қала Семей 2023» акциясы, байқауы- тұрғындардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне талпыныстарын арттырды. Сонымен қатар, бұл өскелең ұрпақты патриоттылыққа баулуда таптырмас шара. Біз көгалдандыру жұмыстарына көптеп назар аударуымыз қажет. Себебі, сүйікті қаламыз шынайы…

Жалпыұлттық патриоттық диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды

2023 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де Абай облысы Семей қаласындағы Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі студенттерінен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3 тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу…

Білім күні

1 қыркүйек білім күніне орай колледж қабырғасында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Мақсаты студенттердің білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.