2023 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де Абай облысы Семей қаласындағы Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі студенттерінен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3 тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
«Мағжан Жұмабаев –заманның заңғар тұлғасы» атты диктантты жаза отырып, студенттерге биыл қазақ халқының біртуар перзенті,Алаш қайраткері,ақын,публицисттің туғанына 130 жыл толғанын,оның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алды.Ұлы тұлғаның өнер білімге, елді татулыққа шақырған өлеңдері, оқулықтары әлі де өзекті екенін айта келе, Мағжан Жұмабаевты үлгі тұту, еңбегін құрметтеу біздің қасиетті парызымызекенін дәріптедік.