✅Біз, Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің ұжымы, бәсекеге қабілетті маман даярлауда алдымызға жаңа міндеттер, жаңа талаптар, жаңа мақсаттар қойдық. Колледжіміздің Миссиясында да біздің студенттеріміз жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген, жан-жақты маман болуы қажет екенін атап айтқанбыз.
📌Осы орайда биылғы 2023-2024 оқу жылынан бастап колледжімізде студенттерімізге арнайы “Көшбасшылық теориясы” курсы жүргізілуде.
🔝Бұл курста біз студенттерге кез келген Көшбасшының бойында болуы керек ең маңызды коммцникациялық, топты қалыптастыру, мақсатты анықтау, аз уақытта көп ақпаратты игере білу, жағдаяттарда тез шешім қабылдай білу дағдыларын, шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағыт-бағдар береміз.
📌Курсты жүргізудегі басты мақсатымыз артымыздан елім дейтін,елінің болашағы үшін елеңдейтін, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін,топты артынан еріте білетін КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАНЫ қалыптастыру.