РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КОЛЛЕДЖДЕ «ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ!» САЛТАНАТТЫ ЛЕЗДЕМЕСІ ӨТТІ

Салтанатты жиынның мақсаты бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту болды.

📝Салтанатты жиынға қонақ ретінде қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сариев Махмұт және Байболова Клара Дүйсенбековна, Абай кітапханасының аға қызметкері Доскеева Толқын Орашевна, жазушы, драматург, аудармашы, журналист Қиықбай Қуат Қазезұлы шақырылды.

✨Республика күніне орай колледжіміздің әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бахытгуль Жанузаковна, АӘД пәнінің оқытушысы Жакашев Мурат Аскарович білім саласына қосқан үлесі үшін Оқу-ағарту министрінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *