✅Қайырымдылық акциясы сирек кездесетін саркома дертіне шалдыққан 2 жасар Даниял есімді бүлдіршінге арналды. Ұйым мүшелері «Даниялдың Түркия елінде Стамбул қаласында ем қабалдап жатқанын, жақын арада сүйек кемігін трансплантациялауға үлкен қаражат керек екен», – деген ақпаратты әлеуметтік желіден естіп, ерікті-студенттер «SFEK Даниялмен бірге» қайырымдылық жәрмеңкесі мен қайырымдылық кино күнін ұйымдастырып, бұдан түскен қаражатты Даниялдың анасы Арилананың есепшотына аударды.
Жалындаған студенттіріміздің бұл қайырымды ісіне Даниялдың ата-апасы, әкесі, анасы Арилана үлкен алғысын білдірді.
🔝Сауапты істің өтуіне ат салысып, ұйымдастырғаны үшін «Қайырымды студенттер ұйымы» мен Роллан Мусин атындағы «Мәңгілік ел» рухани-мәдени ұлттық орталық мектебі студенттеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.