Кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы жүзеге асыру аясында 23 ЕА -3, 23 ЕА-ХІ, 23 BQ-2 тобының студенттерімен «Менің қалам, Семейім» атты викторина өтті.Мақсаты: студенттерге өзінің туған өлкесі – Семей қаласы туралы оның тарихы жайлы түсінік қалыптастыру. Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, туған қаласын құрметтеуге тәрбиелеу.Шара барысында Семей қаласының қысқаша тарихымен таныстырылып, викториналық сұрақтар қойылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.