Мусин Роллан Мұсаұлының туғанына 102 жыл толуына орай тағылымды кеш өтті.

Колледжімізде Құрметті директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанға еңбегі Сіңген ұстаз, Семей өңірінің Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі, Қаржы ісінің озығы, «Құрмет» орденінің иегері, есімі Қазақстан Республикасының Алтын кітабына жазылған Мусин Роллан Мұсаұлының туғанына 102 жыл толуына орай тағылымды кеш өтті.
Шараға 1 курс студенттері қатысты. Мақасаты үлкеннің ізгі жолы арқылы Еліне, Отанына деген патриоттық сезімін ояту, үлкенді сыйлау, танымдық белсенділіктерін арттыру. Кеш соңында оқушылар жыр арнап, жиналғандар ұстаз туралы естеліктер айтты.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *