13 ақпан күні колледжімізде тәжірибе алмасу мақсатында физика пәнінен “Фотоэффектіні қолдану. Жарықтың химиялық әсері.” тақырыбындағы Облыстық ашық сабақты жоғары санатты оқытушы Айгуль Тусупжановна Ахметова 23 ЕА-1 тобында өткізді.

Заманауи білім беру технологиялары Оқыту ойындары, ROQED тақтасы, симуляторлар сабақтың оқыту мақсатына сай жоғары деңгейде қолданылды. Жаңа тақырыпты студенттер бейнематериалдарды тамашалау арқылы, қосымша ақпараттарды қолдана отырып ізденушілікпен топтық, жұптық жұмыс жасай отырып меңгерді. Тапсырмаларды орындауда студенттердің қызығушылығы мен белсенділіктері өте жоғары дәрежеде болды.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *