Команда жетекшісі: Касенов Руслан Асылханович
📍8 наурыз күні Абай облысы бойынша колледждер арасында өткен біріншілікте СФЭК командасы финалға дейін өтіп Облыс Чемпиондары болып атанды. Команда топтық жұмысты көрсетіп, барлық күш жігерін аямай жеңіске жету жолында аянбай еңбек еткені барлық жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады. Нәтижесінде маусым айында өтетін ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНЕ жолдама алды.
СФЭК командасын үлкен жеңіспен құттықтаймыз! Қанаттарыңыз талмасын!