“Ақындар жырлаған туған өлке” атты әдеби қонақ үй.

2023 жылдың 17-сәуірінде студенттерді туған жерін қадірлеп-қастерлеуге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдама аясында кітапхана оқу залында 1 курс 23ЕА -1 тобының студентерімен “Ақындар жырлаған туған өлке” атты әдеби қонақ үй өткізілді.
Топ студенттері ақындардың туған жер, Отан туралы жырларын оқып, ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында жерлес ақындарымыздың кітап көрмесімен таныстырылды.
Абайдың елі,
Бар ойдың кені,
Басымнан майда тарайтын желі.
Әлемде жеті керемет болса,
Сегізіншіге балаймын сені.
Топырағыңда қасиет бар-ау,
Бір көрген жанның тарқайтын шері.
Абайдың елі-
Қазақ жүрегі!
М.Оспанов
#оқуғақұштарколледж

#біртұтастәрбие

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *