Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету мақсатында 17 – мамырда кітапхана қызметкерлерінің ұймдастыруымен «Каникулда кітап оқиық» атты буккроссинг өткізілді.

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.
«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.
Шара барысында 1 курс студенттері өздері оқыған кітаптары жайлы айтып талқылап, кітап туралы нақыл сөздер оқыды. Сонымен қатар өздерін қандай жанрдағы кітаптар қызықтыратыны, каникул кезінде қандай кітаптар оқитындары туралы әңгімеледі. Кітапхана меңгерушісі Ж. Мансарина студенттерді буккроссинг тарихы және ережесімен таныстырып өтті.

#оқуғақұштарколледж

#біртұтастәрбие

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *