БЕКІТЕМІН
Колледж директоры
_________ Д.С.Арғынғазин
«____»__________2020 ж.
АРНАЙЫ ЕРЕЖЕ
Республикалық «Саналы ұрпақ» жобасын колледжде жүзеге асыруға байланысты ашылған «Саналы ұрпақ» клубының арнайы ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» мақаласы, «Ұлы даланың жеті қыры», «Қазақстан -2050» Халыққа Жолдауы, Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Халыққа Жолдауы негізінде патриоттық рухы биік, адамгершілік қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, мәдениетті, Отанға адал, ерікті Қазақстан жастарын тәрбиелеумен қатар рухани жаңғыруды тереңдету мақсатында Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде«Саналы ұрпақ»клубы
2020 жылдың 21 ақпанында ашылды.
- Жалпы ережелері
1.Клуб ережесі жастардың жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, жас ұрпақтың сана-сезімдерінің жоғары болуын, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттық, рухтық, намысшылдық, отансүйгіштік қасиеттерін жоғарылатуға, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, жауапкершілікпенқарайтын, еңбексүйгіш, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздық қасиеттерін қалыптастыруды көздей отырып, Қазақстан Республикасы «Жемқорлыққа қарсы күрес» Концептуалдық негіздері, ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасы «Саналы ұрпақ» жобасы басшылыққа ала отырып жасалынды.Ереже жастарды жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыруға бағытталған іс шаралардың іске асырылу бағыттарын анықтайды.
1.1 Клубтың мақсаты:
- студенттердің бойында адамгершілік, парасаттылық қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті және әділдік принциптерін ұстануды қалыптастыру;
- студенттердің заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің формаларын, әдістері мен құралдарын көрсетуді насихаттау;
-құқықтың сауаттылықты арттыру, құқық бұзуға жол бермеу;
-діни экстремизм, суицидтен сақтау, діни сауаттылық мәдениетін қалыптастыру;
-келешек жастардың саналы ұрпақ болып өсулеріне жан-жақты жағдай жасау, тәрбиелеу.
1.2 Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
- сана-сезімдері жоғары, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
- студенттердің саяси-құқықтық білімін қалыптастыруға көмектесу;
-студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыруға жұмыс жасау;
-болашақтағы кәсіби мамандықтарын, биліктерін тек қана халықтың игілігі үшін пайдалануға бағыттау, бейімдеу;
-құқықтық және діни сауаттылықты жетілдіруге жұмыс жасау.
2.Клубтың жұмыс бағыттары
2.1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты./ семинар, тренинг, марафон, сайыс, ток-шоу, брифинг, тәрбиелік сағаттар, актив сағаттары, «Саналы ұрпақ» сағаты, профилактикалық сағат,ата-аналар сағаты т.б./
2.2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар орталығы. / «Адалдық дүкені», «Адалдық алаңы» жұмысы, сауалнама, тестілер, сұрақтар, электронды портал, талдау отырыстары, ата-аналармен байланыс т.б./
2.3.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағыты.
/жемқорлықққа жол беру,бопсалау, ұрлық, тонау, алдау, өтірік айту, тартып алу, қарақшылық, нашақорлық, ойынқұмарлық, суық қару қолдану, төбелес т.б. қарсы профилактикалық –тәрбиелік іс-шаралар және «Адалдық алаңы» жұмысы/
2.4.Діни сауаттылық бағыты.
/діни экстремизм, терроризм және суицидтің алдын алу шаралары: кездесу, тренинг, әңгіме, дөңгелек стол, семинар, конференция, диспут, ашық алаң, ата-аналармен жиналыс, тәрбие сағаттары, бейнефильм сағаты т.б./.
3. Клубқа мүшелерді қабылдау тәртібі
«Саналы ұрпақ» клубына мүшелікке тәрбиелік диагностиканың қорытындысы бойынша патриоттық тәрбие бағытында ең ұпай саны жоғары студенттер және колледжде, қоғамда ешқашанда тәртіп бұзып, құқық бұзушылыққа жол бермеген қағидашыл, шыншыл, адал студенттер қабылданады.Бұл студенттердің бойында ұлттық рухы жоғары, өзін, ата-анасын, достарын, оқыған оқу орнын, маңайындағы барлық адамдарды, өзі тұрған ауылын, қаласын, елін жанындай жақсы көретін, оларға қол ұшын беруге дайын, турашыл, азамттық-құқықтық деңгейі жоғары қасиеттері болуы шарт.Клуб мүшелерінің адами қасиеттері жоғары, жүректері сыйластыққа толы, төзімді, іске де, сөзге де берік, өз ісіне адал, кішіпейіл, үлкенді құрметеп, кішіні ізет тұтатын, ең бастысы үнемі басқа студенттерге барлық жағынан үлгі-өнеге көрсететіндей болады.
«Саналы ұпрақ» клубына қабылдаудың кезеңдері:
- топ жетекшісінің мінездемесі;
- педагогикалық –тәрбиелік тестілеуден, диагностикадан өту нәтижесі;
- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен әңгіме;
-клубқа мүшелікке қабылдау, жеке куәлік тапсыру, арнайы галстук тағу.
«Саналы ұрпақ» клубы мүшелерінің құжаттары, материалдары клубтың базасында сақталады және клуб өз жұмысын жұмыс жоспарымен, бағдарламасымен жүргізеді. Әрбір мүше жеке портфолио жинақтайды, жылдың соңында қорғап, клубқа тапсырады. Колледжді аяқтаған соң да мүшелері клубпен байланыста болуға болады.
5. «Саналы ұрпақ» клуб жетекшісінің қызметі
Клуб жетекшісі колледждегі барлық оқу топтарының топ жетекшілерімен, клуб, үйірме жетекшілерімен, жастар қоғамдарының жетекшілерімен, медиатека, мұражай, жатақхана тәрбиешілерімен тығыз байланыста қызмет етеді. Бұл құрылымдық бөлімшелердің саяси-құқықтық тәрбие жұмысына бағыт-бағдар береді.Клубтың жылдық жұмыс жоспарын жасайды.Оқу жылы басында педагогикалық-психологиялық, тәрбиелік диагностика жұмысын талдауға, қорытындылауға араласады.Орталыққа мүшелер қабылдауда, құжаттар құрастыруда ақыл-кеңестер береді.Оқу жылында клубтың жоспары бойынша мүшелерді ұйымдастырып, олардың шығармашылық деңгейлерін шыңдаумен айналасады.Колледж студенттерінің құқықтық-саяси тәрбиені бойларына сіңіруде маңызды рөл атқарады және құқықтық тәрбиені насихаттаушы топ политологтарымен, правоведтеріменжұмысын да қарастырып отыратын белсенді педагог. «Адалдық дүкені», «Адалдық алаңы» жұмысын клуб мүшелерімен бірге қарастырады, қадағалайды, талдау жасайды, мониторинг жүргізеді, студенттік жиналыстарда барлық студенттерді ақпараттандырады.
Ереженің барлық бағыттарына сапалы жұмыс жүргізеді.
Педагогикалық кеңесте, топ жетекшілерінің семинарында құқықтық тәрбие бойынша талдау жасап, педагогикалық ұжымды ақпараттандырып отырады, есеп береді.Мүшелердің портфолиоларын қарастырады, тексереді, бағыт-бағдар береді, есептерін тыңдайды.Колледжді бітірген клуб түлектеріне сертификат дайындайды.
6. «Саналы ұрпақ»клубы жұмысын ынталандыру
«Саналы ұрпақ» клубының мүшелері жауапкершілікпен жұмыс атқарған жағдайда «Колледж элитасы» тақтасынан суреті орын алады, белсенді студенттерге алғыс хаттар, грамота, дипломдар мен сертификаттар беріледі.
8. Өзгерістер енгізу парағы
«Саналы ұрпақ» клубы ережесі сапа менеджменті жүйесінің кестесі бойыншаенгізіледі.
Сақтау, ережеге өзгерістер енгізу. Құжаттарды басқару СТП-СФЭК-СМК-ДП-11.04.01 сай жүргізіледі.
9. Өгерістер енгізу парағы
№ р/с |
өзгеріс енгізілген пукнт № |
өзгеріс енгізілген күн |
Негізі (бұйрықтың күні, №) |
өзгеріс енгізілген күн |
өзгеріс енгізген адамның аты-жөні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10. Таныстыру парағы
№ р/с |
Құжатпен танысқан адамның аты-жөні |
Лауазымы |
Танысқан күні |
Танысқан адамның қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ереженің авторы: Б.Ж.Бахтиярова директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары