Адалдық дүкені


             БЕКІТЕМІН

Колледж директоры

_________ Д.С.Арғынғазин

«____»__________2020 ж.

 


Республикалық  «Саналы  ұрпақ» жобасын колледжде жүзеге  асыруға  байланысты ашылған «Саналы ұрпақ» клубына қарасты «Адалдық дүкені»жұмысының  ЕРЕЖЕСІ


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» мақаласы, «Ұлы даланың  жеті қыры», «Қазақстан -2050» Халыққа Жолдауы, Қазақстан Президенті  Қ.К.Тоқаевтың  Халыққа Жолдауы негізінде    патриоттық рухы биік, адамгершілік қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, мәдениетті, Отанға  адал, ерікті  Қазақстан жастарын  тәрбиелеумен қатар рухани жаңғыруды  тереңдету мақсатында  Рымбек Байсеитов атындағы  Семей қаржы-экономикалық колледжінде«Саналы  ұрпақ»клубына қарасты  «Адалдық дүкені»2020 жылдың  21 ақпанында  ашылды.

 

  1. Жалпы ережелері

1. «Адалдық дүкені» ережесі жастардың жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, жас ұрпақтың  сана-сезімдерінің жоғары болуын, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттық, рухтық, намысшылдық, отансүйгіштік қасиеттерін жоғарылатуға, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен,  жауапкершілікпенқарайтын, еңбексүйгіш, оқуға, еңбекке, өмірге  жасампаздық қасиеттерін қалыптастыруды  көздей отырып, Қазақстан Республикасы  «Жемқорлыққа  қарсы күрес»   Концептуалдық негіздері, ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасы «Саналы ұрпақ»  жобасы  басшылыққа  ала отырып жасалынды.Ереже жастарды  жемқорлыққа қарсы  мәдениетті  қалыптасыруға  бағытталған  іс шаралардың  іске асырылу  бағыттарын анықтайды.

1.1 «Адалдық дүкені»  мақсаты:

- студенттердің  бойында адамгершілік, парасаттылық  қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті  және әділдік принциптерін ұстануды  қалыптастыру;

- колледжде  студенттердің  ашық, саналылық  тұрғыда  өздерін  ұстау деңгейлерін  арттыру;

-ұрлыққа  жол бермеу;

-студенттердің дүкенді  пайдалану әрекеттерін  таза, мөлдірлік  деңгейге жеткізу;

- саналы,  тәрбиелі  колледж студентіне лайық  болуға  тәрбиелеу;

-моральдық құндылықтарды  сақтау;

-колледж  имиджіне  кір  келтірмеу, Зайырлы  мемлекет мамандарын даярлау.

 

         1.2 Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:

- сана-сезімдері  жоғары, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;

- студенттердің саяси-құқықтық білімін қалыптастыруға  көмектесу;

-студенттердің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық  негіздерін  қалыптастыруға  жұмыс  жасау;

-болашақтағы  кәсіби мамандықтарын, биліктерін   тек қана  халықтың  игілігі үшін  пайдалануға  бағыттау, бейімдеу;

-құқықтық және діни сауаттылықты  жетілдіруге  жұмыс  жасау.

 

2. «Адалдық  дүкені»  жұмыс  бағыттары

2.1.Ұйымдастырушылық  бағыт.Дүкенді  тауарлармен қамтамасыз  ету  бағыты.

2.2.Тауарлардың  тізімі, сауда-саттық  бағасы жұмысы.

2.3.Күнделікті  талдау, мониторинг жұмысы.

2.4.Ақпараттық –тәрбиелік  жұмыстар бағыты.

                            3. «Адалдық  дүкенін»  пайдалану ережелері

1.Колледж студенттері Ережемен  толық танысу, оқу.

2. Дүкенді  пайдалану ережесін біле отырып, тауарлардың  бағасымен  танысу, оны жақсы білу.

3.Қалаған тауардың  ақысын  көрсетілген  төлеу жәшігіне  қалдыру.

4.Қалаған  тауарды  көп  ойланбай бірден  сатып алуға әрекеттену.

5.Дүкенде  топтаспай жекелей  тұрып сауда жасау.

6.Тауардың  құнын толықтай  және қайтарымсыз бірден  төлеу.

7.Ақысыз, тегін  тауарды  алып кетуге  болмайды.

8. «Адалдық дүкені» сатушысыз  қызмет  көрсетеді.

9.«Адалдық  дүкені», «Адалдық алаңы» жұмысын  «Саналы  ұрпақ» клуб  мүшелері  қарастырады, қадағалайды, талдау  жасайды, мониторинг  жүргізеді, студенттік жиналыстарда барлық студенттерді  ақпараттандырады.

      Педагогикалық кеңесте, топ жетекшілерінің семинарында «Адалдық дүкені»  бойынша  клуб  мүшелері талдау жасап, педагогикалық ұжымды ақпараттандырып отырады, есеп  береді.

8. Өзгерістер енгізу парағы

«Адалдық  дүкені» ережесі сапа  менеджменті жүйесінің кестесі бойыншаенгізіледі.

Сақтау, ережеге өзгерістер енгізу.  Құжаттарды басқару СТП-СФЭК-СМК-ДП-11.04.01 сай жүргізіледі.

9. Өгерістер енгізу парағы

 

р/с

өзгеріс енгізілген пукнт №  

өзгеріс

енгізілген

күн

Негізі

 (бұйрықтың

күні, №)

өзгеріс

енгізілген

күн

өзгеріс

енгізген

адамның аты-жөні

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10. Таныстыру парағы

№ р/с

Құжатпен танысқан адамның аты-жөні

Лауазымы

Танысқан күні

Танысқан адамның қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Ереженің авторы:Б.Ж.Бахтиярова директордың  әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Автор: admin

Мақалада:

Өзгертілген: 2021-02-15 02:53