WorldSkills

2023 жылдың 22-27 қарашасы аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII Республикалық чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа еліміздің барлық аймақтарынан 30 негізгі құзыреттер бойынша 545-тен астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысты. Байқауға қатысушыларды сарапшылар қауымдастығы мен бизнестің 520-ға жуық өкілі бағалады.

Биылғы жылы республикалық сайыста “Графикалық дизайн” құзіреттілігі бойынша Беккалиев Ильяс және “Бизнеске арналған IT шешімдер” құзіреттілігі бойынша Джетенбаев Мақсат колледж атынан Абай облысының намысын қорғады. Нәтижесінде жоғарғы деңгейде өз шеберліктерін көрсете білді. Болашақта үлкен белестерден көрінеді деген сенімдеміз !